Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жегіне қатысты жазба жариялады , деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Қазақ стилі» жақын күндері шаршы алаңға қайта оралатынын мәлімдеді. Дегенмен жанкүйерлер асыға күткен қарсыласының есімі әзірге жарияланған жоқ.
«Құрметті жанкүйерлер! Өте жақында сіздер күткен үлкен жаңалықты естисіздер. Бұл орта салмақтағы көптен күткен жекпе-жек болмақ», – деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет 5 сәуірде Астанада шаршы алаңға шығып, француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутқа түсірген еді.
Қазіргі таңда орта салмақтағы өзге белбеу иелері – кубалық Эрисланди Лара (WBA) және доминикандық Карлос Адамес (WBC).