Жаңа өзгерістер осы салалардағы бақылауды күшейтуді көздейді.

Мемлекет басшысы қылмыстық жолмен табылған кірістерді заңдастыруға, терроризмді және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы бағытталған заңға қол қойды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – делінген хабарламада.