Әлем чемпионатында жүлделі орын алған боксшылар мен бапкерлерге Қазақстан бокс федерациясы сыйақы береді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп айтты.

Әлем чемпионатында жүлдеге іліккен спортшыларға мемлекет тарапынан сыйақы қарастырылған. Федерация тарапынан спортшы мен бапкеріне І орынға 100 мың доллар, ІІ орынға 50 мың доллар, ІІІ орынға 30 мың доллар беріледі. Ал бас бапкерлерге қосымша 100 мың доллар қарастырылған, — деді Шахмұрат Мүтәліп.

Сонымен қатар, аға-бапкер, физикалық дайындық бойынша бапкерлер мен психолог мамандарға да қосымша сыйақы беріледі.