Мәліметтің анық-қанығын білу үшін Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне жүгіндік, деп хабарлайды inbusiness .kz сайты.
Бұған дейін Ақтөбедегі мешітте жас қызға белгісіз ер адамның "бір реттік неке" ұсынғаны жөнінде бейнежазба пайда болған еді.
Қоғамдық резонанс тудырған соң оқиғаға қатысты Рүстем Жүгінісов те әлеуметтік желіде пікір білдірді. Оның айтқаны талқыға түсіп, артынша кешірім сұрады.
"Астана қалалық әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қоғамда діни араздықтың пайда болуына әкелуі мүмкін мәлімет қамтылған медиаөнімді Қазақстан Республикасының аумағында таратқаны үшін (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 453-бабы 2-бөлігі) блогер Рүстем Жүгінісовке қатысты істі қарап жатыр", – делінген жауапта.
Іс бойынша процесс кейінге қалдырылып, өтетін күні белгісіз екені айтылды.