Осыған байланысты Қарағанды облысында 13 маусымда ҚК-нің 245-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды .

Қарағанды облысының прокуратурасы ірі көмір өндіруші кәсіпорынның салық төлеуден жалтару фактісін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тексеру барысында кәсіпорын үлестес тұлғаны бейрезидент ретінде пайдаланып, өзара есеп айырысуларда салық мөлшерлемесін 1,95 млрд теңгеге төмендеткені белгілі болды.

Тергеу нәтижесі бойынша кәсіпорын директоры қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі уақытта залалды толық көлемде өтеуіне байланысты іс ҚК-нің 245-бабының ескертпесіне сәйкес ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды.