Өтініш қабылдау қайта қашан басталатыны әзір белгісіз.
Қазақстанда зейнетақы жинағындағы қаражатты стоматологиялық қызметке пайдалану бойынша өтінімдер қабылдау тоқтатылады. Бұл туралы "Отбасы банк" хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап enpf-otbasy.kz платформасында тіс емдеуге зейнетақы жинақтарын (БЖЗҚ қаражатын) пайдалану бойынша өтінімдер қабылдау тоқтатылады. Аталған күнге дейін берілген барлық өтінімдер қалыпты тәртіпте қаралады және өңделеді", – делінген "Отбасы банк" таратқан хабарламада.
Тіс емдеуге БЖЗҚ қаражатын пайдалану үшін өтінім қабылдау қайта қашан басталатыны туралы қосымша хабарланатыны айтылған.