Өртке қарсы су құбырын ауыстыруға байланысты Алматы халықаралық әуежайы 2025 жылғы 10 қыркүйектен бастап әуежай аумағына кіру және шығу уақытша шектеледі.
Жөндеу жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізілмек:
- I кезең: 10-13 қыркүйек аралығында бір кіреберіс пен бір шығаберіс жолы жабылады, ал екінші кіреберіс жолы ашық болады.
- II кезең: 14-18 қыркүйек аралығында бір кіреберіс жолы жабылады, басқа кіреберіс пен шығаберіс жолдары істейтін болады.
Алматы әуежайының әкімшілігі жолаушыларға әуежайға баратын бағытты жоспарлауда осы өзгерістерді ескеруге шақырады.