Эвакуация сағат 14:54-те толық аяқталды.

Бүгін, 10 қыркүйекте, Алматыдағы "Шымбұлақ" тау курортында "Комби-2" арқанжолы уақытша тоқтап қалды. Кабиналарда 20 турист пен РОСО-ның сегіз құтқарушысы болған.

Курорт әкімшілігінің хабарлауынша, сағат 12:26-да ақау тіркеліп, қалпына келтіру жұмыстары басталды. 12:48-де арқанжол резервтік қозғалтқышқа қосылып, қонақтарды эвакуациялау жүргізілді. Барлық туристер мен құтқарушыларға ыстық сусындар ұсынылып, қауіпсіз жерге жеткізілді.

Эвакуация сағат 14:54-те толық аяқталды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қазір техникалық мамандар арқанжолдың тұрақты жұмысын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.


Оқи отырыңыз: Медеу, Шымбұлақ, Аюсай, Түрген шатқалы: Іле Алатауы туризмі қалай дамып жатыр? Фоторептортаж


"Түсіністік, шыдамдылық және сенім білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамыз", – делінген курорт әкімшілігінің хабарламасында.