Халық қалаулысы Бақытжан Базарбектің сөзінше, бұл ұсыныс елдің оң имиджі үшін жасалған .
Ол 30 қыркүйектегі "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчын "Астана Арена" стадионында өткізуді құп көріп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Депутат шетелдік жанкүйерлер, нақтысы "Реал Мадридті" қолдаушылар, стадионға және жолдың ұзақтығына, суық күн райына наразылық танытуы мүмкін екенні айтады. Сондықтан, елдің абыройы үшін оның алдын алу қажет.
– Жанкүйерлер мен Уэльс футбол федерациясы Қазақстандағы футбол стадиондарының жағдайына шағымданды. Сол себепті, Қазақстанның абыройы үшін қажет болса негізгі аренаға көшіретіндей футбол федерациясы бар мүмкіндікті қолдануы керек. Аутсайдерлермен басқа ойындарды "Қайраттың" өз алаңында ойнатқан дұрыс, – деп сөзін нақтылады ол.
Еске салайық, "Қайрат" пен "Реал Мадрид" арасындағы кездесу 30 қыркүйекте Алматы қаласында өтеді деп жоспарланып отыр. Ойынның билеттері тура 10 күннен соң сатылымға шығады.