Ол жай ғана мектеп емес, "Келешек мектептері" жобасы аясындағы 1200 орындық білім ордасы еді.

Оқыс оқиғаға қатысты "Samruk-Kazyna Construction" АҚ ресми жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осы күні жедел комиссия тобы құрылып, тексеру жұмыстары жүріп жатқан көрінеді.

– Аталған нысанды "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында "Turan Ascent" ЖШС салып жатыр. Мектепті пайдалануға беру мерзімі – 2025 жылдың соңы. Алдын ала мәлімет бойынша, құрылыс материалдарын дұрыс сақтамау және орналастыру талаптарының бұзылуынан осындай оқиға болған. Атап айтқанда, спортзалының шатырына шектелген аумаққа салмағы 6 тоннадан асатын материалдар қойылып, конструкцияға зақым келтірген.

Оқиғаға байланысты тапсырыс беруші тарапынан басшылық, техникалық және авторлық қадағалау өкілдері кіретін комиссия құрылды. Сонымен қатар, жобалық шешімдерге сәйкестігін және конструкциялардың көтеру қабілетін тексеру үшін арнайы техникалық сараптама ұйымы тартылды, – деп хабарлады "Samruk-Kazyna Construction" АҚ-ның баспасөз қызметі.

Әлбетте, сараптама жұмыстарынан соң ғана қорытынды шешім қабылданбақ. Ең бастысы, мердігер анықталған барлық кемшілікті жоюға міндетті саналады.