Жаппай қақтығысқа қатысқандардың арасында қыз-келіншектер де болып шықты.

Оқыс оқиғаның нақты Анталия қаласында болғаны расталып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төбелестің шығу себебі әзірге белгісіз. Бірақ, әлеуметтік желідегі мәліметтерден терминал алдындағы кезекке байланысты дау туындағаны байқалады. Оның соңы жаппай төбелеске ұласқан.

Еске салайық, кеше ғана Жолдауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай жайт туралы сөз қозғаған еді.

– Ашығын айтуымыз керек, қазіргі уақытта адамдарда дөрекі сөйлеп, бір-біріне ерегесіп, жаға жыртысатын әдет бар. Осындай келеңсіз оқиғаларды, әсіресе, қоғамдық орындарда, жол бойында жиі көруге болады. Өкінішке қарай, солардың ішінде айқай-шу шығаратын, балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзатын әйелдер де бар, – деп ашынған еді Президент.