Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазіргі құзырлы министрліктің негізінде жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санаймын. Жаңа министрлікті Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы керек. Үкімет экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізуі қажет. Қазақстанды бәсекеге қабілетті ел ретінде дамытамыз десек, жұмысымызды жаңаша жүргізуіміз керек", – деді Тоқаев.
Президент өте маңызды стратегиялық міндеттерді қойып отыр.
"Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек", – деді Мемлекет басшысы.