Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті.

Алматыдағы “Манхэттен” тұрғын үй кешенінен 1000-ға жуық құқықбұзушылық анықталды. Ғимаратта 2 ай бойы ауқымды тексеру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қала прокуратурасы мен өкілетті органдар қоғамдық тәртіпті бұзып, мыңға жуық құқықбұзушылық анықталған "Манхэттен" тұрғын үй кешеніне тексеру жүргізді. Тексеру кезінде әр пәтерден меншік иелері, олардың жұмыс орындары, байланыс деректері, тіркелген қарудың бар-жоғы, әртүрлі құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылғаны жөніндегі деректер, сондай-ақ тұрғын үйді жалға беру туралы ақпараттар алынған.

Тексеру 1000-ға жуық бұзушылықты анықтауға мүмкіндік берді, олардың ішінде:

• Көші-қон заңнамасын бұзудың 120 фактісі;

• Қоғамдық тәртіпті бұзудың 98 фактісі;

• Заңсыз жалға алудың 114 факті;

• Жыныстық қызмет көрсету үшін пайдаланылған 22 пәтер;

• Жол қозғалысы ережелерін бұзудың 567фактісі;

• Алкоголь өнімін заңсыз сатудың 7 фактісі.

Прокуратура, полиция және мемлекеттік органдары азаматтардың қауіпсіздігі, құқықтық тәртіпті жақсартып, мегаполис тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру үшін ауқымды жұмыс атқарды.