Жетісу облысы Мұқыры ауылының халқы ежелгі дәстүр — асарды жаңғыртып, сенбілік өткізді.
Ата салтын сақтаған жұрт жұмылып, тазалық жұмыстарына бір кісідей атсалысты. Ауылдықтар, жастар мен еріктілер, барлығы 60 адам елдімекен айналасын қоқыстан арылтты. Ұйымдастырушылар «Ауылдағы Асар» экоакциясы елдің ынтымақ бірлігін нығайтуға да сеп болады,- дейді.
Айла Болат, «Қазақстан студенттер альянсы» Жетісу облыстық филиалының белсендісі:
- «Таза Қазақстан» акциясы «Асармен» ұштасып жатыр. Тазалықты адам әркім өзінен бастауы керек. Апта сайын осындай экологиялық акцияларға шығып, Қазақстанның экологиясына азда болса үлесімізді тигізіп жатырмыз.