АҚШ Федералды резерв жүйесі кеңесінің мүшесі Лиза Кук президент Дональд Трампты сотқа бермек.

Бұған Ақ үй басшысының оны қызметінен босату туралы бұйрығы себеп. Дүйсенбі күні Трамп Кукты ипотекалық алаяқтық жасады деген айыппен жұмыстан шығарғанын жариялады. Шешімді Конституция мен 1913 жылғы Федералды резерв жүйесі туралы заңға сүйеніп қабылдағанын мәлімдеді. Лиза Кук болса Президенттің оны жұмыстан босатуға құқығы жоқ екенін және орнынан кетпейтінін айтқан. Ал оның адвокаты Трамптың әрекеті заңға қайшы дейді.