Оған дейін Брюссель мен Вашингтон бір мәмілеге келуі тиіс.
АҚШ президенті Дональд Трамп Еуропалық Одақтан келетін импортқа 50 пайыздық баж салығын енгізуді кейінге шегерді. Ол сауда келіссөздерінің мерзімін 9 шілдеге дейін ұзартуға келісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты CNBC-ге сілтеме жасап.
Жұма күні Ақ үй басшысы сауда соғысын күшейтетінін айтып, келіссөздердің баяу жүріп жатқанына сынға алды. Ол бұдан да жоғары импорттық баж салықтары 1 маусымнан бастап күшіне енгенін айтты. Трамптың мәлімдемесі әлемдік нарықтарын бір теңселтіп қойды.
Өз кезегінде Еуроодақ Трампқа дұрыс келісім жасау үшін біршама уақыт қажет екенін алға тартып, оны райынан қайтарды.
Еуропалық комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен Х әлеуметтік желісінде кедендік баж салығын енгізу 9 шілдеге дейін шегерілгенін айтты.
"Президент Трамппен телефон арқылы жақсы әңгімелестік. ЕО мен АҚШ-тың әлемде ең тығыз әрі маңызды сауда қарым-қатынасына ие. Еуропа келіссөздерді жедел әрі нақты жүргізуге дайын. Тиімді келісімге жету үшін бізге 9 шілдеге дейін уақыт қажет", – деп жазды фон дер Ляйен.
Трамп Truth Social парақшасында жаңа баж салығын енгізуді кейінге шегергенін растады.