Бұл туралы Антикор хабарлады.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Бөкейорда" мемлекеттік табиғи резерваты РММ бас директоры жемқорлықпен күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ол резерватта шын мәнінде еңбек қызметін атқармаған тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу арқылы ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта оның басқа қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр", – делінген хабарламада.

Тергеу жалғасып жатыр.