Бостандық ауданында кейбір көшелерде уақытша қозғалыс шектеледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Алматы Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мәліметінше, су құбырын ауыстыру жұмыстарына байланысты Мыңбаев көшесінің жекелеген бөліктерінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.

22 тамыз, сағат 23:00-ден 23 тамыз, 06:00-ге дейін жабылады:

• Әуезов көшесі – Мыңбаев көшесінің қиылысы;

• Жароков көшесі – Мыңбаев көшесінің қиылысы.

23-24 тамыз, сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін жабылады:

• Гагарин даңғылы – Мыңбаев көшесінің қиылысы.

25 тамыз, сағат 09:00-ден 26 тамыз, 06:00-ге дейін шектеледі:

• Розыбакиев көшесі – Мыңбаев көшесінің қиылысы.

25-28 тамыз аралығында жабылады:

• Тұрғыт Озал көшесі, Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінің арасындағы бөлік.

Компания уақытша шектеулер жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау және жөндеу жұмыстарын сапалы атқару үшін енгізілгенін атап өтті.

– Мыңбаев көшесінде тозығы жеткен ауызсу желілері қайта жаңартылып жатыр. Жоба іске асқанда осы аумақтағы 50 мыңнан астам тұрғын тұрақты әрі сапалы сумен қамтылады. Қала тұрғындары мен жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескеруді сұраймыз, – делінген хабарламада.