Ақтөбеде «QazaqGaz Aimaq» АҚ алғаш рет «Үздік маман» байқауын өткізді.

Кәсіби дода жеңімпаздары 5 аталым бойынша анықталды. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қолға алынған шара өндіріс еңбеккерлерінің беделі мен шеберлігін арттыруды, озық тәжірибелерді дамыту мен үздіктерді ынталандыруды көздеді.

Арнайы тестілеуде іріктелген қызметкерлер Ақтөбе өндірістік филиалында өзара шеберлік байқасты. Байқау барысында барлық филиалдан жиналған ең үздік мамандар тәжірибелік және теориялық тапсырмаларды орындады.

Санжар Жаркешов, "QazaqGaz" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы:

– Біз өндірістік компания ретінде еліміздің түкпір түпкірінде жұмыс атқарамыз. Халқымызбен тұтынушыларымызбен тікелей байланыстамыз. Сондықтан бізде біздің көптеген жобаларымыз осы жұмысшы мамандықтардың арқасында жүзеге асырылады. Біздің мақсат осы жұмысшы мамандықтар олар: слесарь, сварщик, оператор, диспетчер, инженер т.б. мамандықтардың мәртебесін қолдау, жоғарылату.

«QazaqGazAimaq» былтыр газды тасымалдаудан бастап, оны өткізуге және желілерге қызмет көрсетуге дейінгі толық қызмет көлеміне кірісті. Бүгінгі таңда еліміздің 14 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаласында 12,7 миллионнан астам тұрғынды мен 64 мың кәсіпорынды табиғи газбен үздіксіз қамтамасыз етіп отыр.

Кенжебек Ғалымжан, Қызылорда өндірістік филиалы электр-газбен дәнекерлеуші:

– Газ саласында жұмыс істеп жатқаныма 3 жыл болды, электр газбен дәнекерлеу жұмысы бойынша 22 жыл тәжірибем бар. Практика жағынан болсын, теория жағынан болсын бірыңғай осал адамдар келіп жатқан жоқ деймін. Барлығы осы әр өз өңірлерінен үздіктердің үздігін дайындап жіберіп отыр деймін.

Бүгінгі таңда мыңдаған елдімекен газбен қамтылып, газ құбырларының жалпы ұзындығы 73 000 шақырымнан асты. Әр жетістіктің артында өз ісіне адал мыңдаған адамның еңбегі жатыр. Дәл осы мамандардың күшімен QazaqGaz Aimaq сенімді өндірістік компанияға айналды.

Талғат Серікқалиұлы, Айбек Дауытов