Үкім әлі заңды күшіне енбеді.

Сарапшылар ауыр зардаптың өлімнен бір күн бұрын болғанын айтып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбе қаласының № 2 соты әйелінің өліміне себеп болған тұрғынға сот үкімін оқыды.

– Әйел төсектен тұрмаған және үйден шықпаған. Алғаш рет жедел жәрдем шақырылғанда дәрігерлер ауруханаға жатқызуды ұсынғанымен, жәбірленуші одан бас тартқан. Екінші келген жәдел жәрдем оны ауруханаға жеткізген, бірақ жансақтау бөлімінде қайтыс болған, – делінген хабарламада.

Сот отырысында айыпталушының бір ай бұрын әйеліне зорлық-зомбылық көрсеткені расталған.

– Үйінде оның бетінен үш рет ұрған, ал жәбірленуші өзін қорғамақ болғанда, тағы екі рет ұрған. Әйел соққыдан құлаған. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, өлімге бас миының травматикалық ісінуіне қан кетуі мен жабық бас сүйек-ми жарақаты әкеліп соқтырған. Сарапшылар ауыр зардаптың өлімнен бір күн бұрын болғанын және оған жеткілікті күшпен бір соққының әсерінен болуы мүмкін екенін анықтады. Жарақаттардың құлауынан немесе жәбірленушінің өзі болуы мүмкін емес, – делінген қалалық сот таратқан ақпаратта.

Ер адамның қанынан алкоголь мен есірткі белгілері табылмады. Сотталушы өз кінәсін ішінара ғана мойындаған. Прокурор оны 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

– Сот іс материалдарын, сарапшылардың қорытындыларын және сарапшылардың айғақтарын зерделей келе, ер адамның әрекетін ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігімен саралаған. Жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар табылған жоқ. Сот сотталушыны 8 жылға бас бостандығынан айырды, – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.