Алматы әуежайында Пхукет — Алматы рейсімен келген 42 жастағы шетел азаматы ұсталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жүкті тексеру кезінде одан салмағы шамамен үш келі болатын кептірілген марихуана салынған алты пакет табылған. Алдын ала мәлімет бойынша ұсталған адам жүкті Таиландтан алып келген.
"Шетелдік сәлемдемені тексерместен алған, осы үшін бейтаныс адамдардан ақшалай сыйақы алған. Бұл дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", — деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.
Ішкі істер министрлігі бөтен адамдардың жүгін тасымалдау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!