Үкім заңды күшіне енді.

2024 жылғы наурызда әлеуметтік желілерде шекаралық бөлім офицерінің ұсталғаны және оның педофилияға қатысуы болуы мүмкін деген ақпарат тараған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2024 жылғы 29 тамыздағы сот үкімімен азамат К. жеке тұлғаға қарсы қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, сотталды. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 29-бабына сәйкес іс жабық сот отырысында қаралды. Үкім заңды күшіне енді", – деп мәлімдеді Kazinform агенттігінің сауалына жауап берген Бас әскери прокурордың орынбасары Ілияс Сағатов.