Алматыда (орны нақты аталмаған) мейрамханада түсірілген видео желіде қызу талқыланып жатыр. Кадрларда бірнеше ер адам ішкиіммен сахна ортасында «қара жорғаны» билеп жүр. Оқиға тойда өткен конкурстардың бірінде болғаны байқалады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Көрініс көпшіліктің ашуын туғызды. Пікір қалдырушылар «осыны тоқтататын бір ақылдау адам табылмады ма?», «адамдардың “стоп-краны” үзілген», «ұятсыздықтың деңгейі шектен шықты» деп жазып жатыр. Кейбірі мұндай «ойын-сауыққа» асабаларды жауапты санап, «ұлттық биді қорлау» деп бағалаған.

Қоғам белсенділері мұндай роликтер той мәдениетінің қай бағытқа кетіп бара жатқанын көрсететінін айтып, ұйымдастырушыларды да, мейрамхана иелерін де тәртіп пен этиканы қатаң қадағалауға шақырады.

Редакция оқиғаға байланысты Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұстанымын, сондай-ақ жергілікті полицияның түсініктемесін сұратты. Жауап алған бойда хабарлаймыз.