Асаба Санат Нұрбай қазіргі кезде тойдың ешқандай қажеті жоқ екенін айтып, өз ойын бөлісті. Бұл туралы ол “Қазір айтайық” бағдарламасында мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы .
”Дәл қазіргі сәтте қазаққа тойдың түкке де қажеті жоқ. 15-20 жыл осы салада жүрмін, мен халықты аяймын. Қазір қазақта тойдан басқа кәсіп жоқ. Қазіргі кезде 300 адамға той жасау үшін қарыз немесе несие аласыз. Ол қаншама стресс, уайым. Іріктеп шақырғанның өзінде 300 адам шығуы мүмкін. Қазір тойға бұрынғыдай кілеммен бара салмайсыз. Кем дегенде 50-100 мың алып баруыңыз керек. Қазіргі жастар той жасағысы келмейді. Оның әке-шешесі той жасауды талап етеді. Тойдан мән кетті. Қазір той тойлап жүретін уақыт емес. Қымбатшылық қысып барады. Өз ойым”, — деді асаба.
Көпшілік асабаның сөзін қолдай жөнелді.
"Жарайсыз асаба мырза, өте дұрыс айтасыз!", "Өте дұрыс айттыңыз, мен де аяймын, кейде өзім ыңғайсызданамын тойда жүріп…", "Ет жақын жандарды шақыру керек, артық даңғазалық керек емес. Тойдың мәзі кетті. 50-100 адамнан асырмаған жөн!", "Жарайсың! Нағыз азамат! Шындықты айтты, халыққа шынайы жаны ашып айтып отыр", — деп жазды көпшілік.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Санат Нұрбай (@sanatnurbayev)