Қызылорда қаласында балалар спортын және шығармашылығын қолдауға арналған "Даму бала" платформасы арқылы қызмет көрсететін кәсіпкерлерден 88 млн теңгеден аса қаражатты жымқыру дерегі бойынша сот үкімі шықты , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Тергеу барысында мониторинг тобы құрамында болған қатысушылардың бірі қызмет бабын пайдаланып, сыбайласымен бірге кәсіпкерлерге тексеріс нәтижелерін "оң шешіп береміз" деп, олардан ақша бопсалағаны анықталған.

"Олар 88 млн теңгеден аса қаражат алған, оның бір бөлігі коттедж және көлік сатып алуға жұмсалған. Сот санкциясымен бұл мүлікке тыйым салынды", — деп жазылған хабарламада.

Сот үкімі

  • Сот үкімімен басты айыпталушы кінәлі деп танылып, оған 6 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды.
  • Оның сыбайласы 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!