Үкімет ең төменгі жалақы, яғни 85 мың теңгені арттыру идеясын құп көрмей отыр.

Мұны Премьер-министрдің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Қазір біздің алдымызда ең төменгі жалақыны көтеру жоспары тұрған жоқ. Бүгінде ең төменгі жалақы мөлшері – 85 мың теңге, әзірге оны арттыруды қарастырып отырған жоқпыз, – деді Серік Жұманғарин Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында.

Бұл шешімге Қаржы министрі Мәди Тәкиев те қарсылық білдірмеді. Бірақ, нақты есептеу жүргізілгеніне назар аударды.

– Біз есептегенде, барлық көрсеткіш қарасақ, орташа, минималды мөлшер шамамен 90 мың теңге болуы керек. Бірақ, жағдайды ескере отырып, қазіргі деңгейде қалдыруды жөн көрдік, – деп қосты ол.

Бұған дейін жыл басынан бері ЖІӨ өсімі 6,3%-ға жеткенін жазған едік.