Камила Саянқызы Дженнифер Лопестің биін қайталап , бейнебаян түсірген еді.
10 тамыз күні Алматыда атақты әншінің концертінде тұрған сәтте оның еңбегін Джей Ло өзінің 248 миллион жазылушысы бар парақшасына жариялаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Блогер болған жайттан соң қуанышын жасыра алмады. Сөйтті де әлеуметтік желісіне жедел түрде әсерлі видео салған.
– Қазір не үшін жылап отырғанымды білмеймін. Бірақ, менің еңбегімді Дженнифер Лопес көріпті. Қарағандыдан шыққан қарапайым қара қыз бүгін Джей Лоның концертінде де, парақшасында да көрінді. Бұл мүмкін емес дүние сияқты көрінген. Мен іштей "егер бұл жүзеге асса, менің басты арманым да орындалады" деп түйіп едім, – деп жазды блогер.
Айта кетейік, әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопес 1 тамыз күні Астанада, 10 тамызда Алматы қаласында жеке концертін берген болатын.