Осыған байланысты 33 лауазымды тұлға қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Атырау қаласының прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бойынша жүйелі жұмысын жалғастырып келеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Биыл 80-нен астам педагогтың конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.
Прокурорлық тексеріс барысында білім беру ұйымдарының ұжымдық шарттарында зейнет жасына жеткен қызметкерлерге алдын ала хабардар ете отырып, бір лауазымдық жалақы мөлшерінде өтемақы төлеу қарастырылған.
Алайда бірқатар мектептер мен балабақшаларда бұл талап орындалмағаны анықталды.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде 11 миллион теңгеден астам өтемақы төленіп, қызметкерлердің құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді.