Келесі жылдан бастап кәсіпкерлер, салықтық есепті бұрынғыдай тоқсан сайын емес, жылына бір рет тапсырады.
Бірыңғай жер салығы да жойылады. Мүлікті сатқаннан кейін төленетін салық мерзімі де ұзартылды. Жезқазғандық кәсіпкерлермен кездескен мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары жаңа Салық кодексіндегі нормаларды түсіндірді. Бизнес өкілдерін толғандырған сауалдарға жауап берді. Алдағы уақытта шалғай ауылдарды да аралап, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Айнұр Сартаева, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары:
- Әрине, салық төлеушілер үшін әр өңірде қойылатын сұрақ әр түрлі. Мысалы кейбір өңірде көбінесе әлеуметтік мақсаттағы төлемдерге байланысты сұрақ қойылып жатыр. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлердің шағын бизнес бойынша қандай жолдармен жұмыс істей аламын деген сияқты сұрақ көп қойылып жатыр. Сондай ақ ҚҚС бойынша көп өзгеріс болады.