Елде құрылыс саласын цифрландыру негізінде 3,5 трлн теңгеге жуық қаражат үнемделді.
Қалалардың бас жоспары 96 пайызға цифрландырылды. Қазір e-Qurylys бірыңғай ақпараттық жүйесі жұмыс істеп тұр. Онда тапсырыс берушілер, мердігерлер, техникалық және авторлық қадағалаушылар құжаттарды онлайн рәсімдей алады. Ал бағаны қадағалау үшін онлайн-калькулятор мен шығын индекстері енгізілген.