АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты реттеу мерзімі Ресей президенті Владимир Путиннің ұстанымына байланысты болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnew.kz ақпарат порталы Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап.

Баспасөз брифингінде сөйлеген Трамп Украинадағы жағдайды бейбіт жолмен шешу жөніндегі келіссөздердің нақты мерзімі туралы сұраққа тікелей жауап беруден бас тартты.

Бұл оған (Путинге – ред.) байланысты. Біз оның не айтатынын көреміз, — деді АҚШ президенті.

Сонымен қатар, Трамп АҚШ-тың Ресеймен жұмыс істейтін елдер мен компанияларға қайталама санкциялар енгізу мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты.

Одан бөлек, ол Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу үшін Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесудің қажеті жоқ екенін мәлімдеді.

Бұған дейін Дональд Трамп пен Владимир Путинніңалдағы аптада кездесуі мүмкін екенін хпбарлаған.