Соңғы бір жыл ішінде «Время истекло» азаматтық науқан Алматыдағы 50-ден астам дүкенді тексерді — бәрінен мерзімі өткен тауарлар табылды. Белсенділер жаңа дүкенге барса да, бұрыннан таныс дүкенге қайта оралса да, бір сарынды сылтауларды еститін: « Көрмей қалыппыз», «Кездейсоқтық қой», «Бүгін алып тастаймыз». Алайда осы сөздерден кейін де мерзімі өткен өнім сөрелерде қала беретін. Неліктен?

Өйткені мерзімі өткен өнімді сататын дүкен – себеп емес, салдар. Мәселенің түп-тамыры – дүкен иелері мерзімі өткен өнімді мәселе деп санамайды.

Назарбаев даңғылы, 36к4 мекенжайындағы «Бақ маркет» супермаркетінде «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері мерзімі өткен өнімдердің жүйелі сатылымын анықтады.

Сөрелерден ондаған мерзімі өткен өнім — сүт өнімдері, құрғақ тіскебасарлар, шіріген ет табылды. Денсаулыққа төндіретін қатерге қарамастан, тауарлар сол күйі ашық сатылымда тұрды. Дүкен қызметкерлері мерзімі өткен өнімдерді кәдеге жаратуға бас тартқан соң, белсенділер қызметкерлер мен келушілердің көзінше, бұл жұмысты өздері қолға алды. Олар бұзылған өнімдерді санат бойынша сұрыптап, қайсысында мерзімі өткен өнім көп екенін көрсетіп берді. Қызметкерлер тарапынан болған қарсылық пен агрессияға қарамастан, үш бірдей контейнер мерзімі өткен өніммен толды.

Алайда осындай қатынасқа тұтынушының бейжайлығы – бұл да белгі. Бұл – өз-өзіне деген құрметтің жоқтығы. Біз мәселені елемеу арқылы былай дейміз: «Менімен осылай жасауға болады». Ал егер солай жасауға болатын болса — ешкім де басқаша әрекет етпейді. Сөйтіп, өзімізді де, бір-бірімізді де құрметтемеу қалыпты нәрсеге айналады. Нағыз мәселе — осы.

Төрехан Бекежан, Жаңа адамдар: «Мерзімі өткен өнімді лақтырып тастау — “Мен өзімді улауға жол бермеймін” деп ашық айту. Бұл — өзіңе деген құрмет. Ал дүкенге деген құрмет те тек осыдан басталады. Осылай әркім ашық айтатын болса — дүкенде шіріген тауарларды сөрелерден алудан басқа таңдау болмайды».

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы ???????? (@zhana.adamdar.almaty)