Көлік қозғалысы үш учаскеде шектеледі.
10 тамызда Алматыда әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопестің концертіне байланысты бірнеше көше жабылады, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Алматы полиция департаменті көлік қозғалысы үш учаскеде сағат 16:00-ден бастап шектелетін картаны жариялады:
- Байтұрсынов көшесі-Шевченко көшесінен Тимирязев көшесіне дейін;
- Сәтбаев көшесі-Сейфуллин даңғылынан Байзақов көшесіне дейін;
- Абай даңғылы-Сейфуллин даңғылынан Мұқанов көшесіне дейін.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Алматы қаласының ПД (@almaty_police_department)