Жобаның алдын ала құны – 14-15 млрд доллар, қаржы Ресейдің экспорттық несиесі есебінен тартылмақ.

Алматы облысындағы Үлкен ауылының маңында Қазақстан тарихындағы алғашқы атом электр станциясының құрылысын бастау рәсімі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Салтанатты шараға ҚР Атом энергетикасы агенттігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев, "Росатом" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёв және басқа да ресми тұлғалар қатысты.

Екінші АЭС-ті қытайлық CNNC салады, орны күзде анықталады. Үшінші станцияны да CNNC салуы мүмкін.