Кей жерлерде лайдың биіктігі баспананың шатырына дейін жетеді.

Үндістанда жойқын лай көшкінінен кейін 100-ге жуық адам із-түссіз жоғалған, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Бірнеше күннен бері не өздері, не мәйіттері табылмай жатыр. Ал табиғи апаттан кемінде төрт адамның ажал құшқан. Су тасқыны нөсер жауын-шашыннан кейін болыпты. Қызыл су алдынан шыққан тал-теректі түбімен қопарып, тұрғын үйлерді де шәйіп кеткен.

Бұдан бөлек Үндістанның Гималай аймағындағы қаланың астаң-кестеңі шығып жатыр. Кей жерлерде лайдың биіктігі баспананың шатырына дейін жетеді. Құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.


Оқи отырыңыз: Үндістанда химия зауытындағы жойқын жарылыс 40-қа жуық адамның өмірін жалмады