Әскерге шақырылушыларды психологиялық іріктеу талаптары күшейтілді.

Жаңа әдістеме бойынша жүргізілетін скрининг суицидке бейімділікті ерте анықтауға бағытталған. Яғни психоэмоционалды ауытқулары бар азаматтар әскер қатарына алынбайды. Бұл туралы еліміздің Қорғаныс министрлігі хабарлады. Әскери психологтар әзірлеген жоба көктемгі шақырылым кезінде сынақтан сәтті өткен. Нәтижесінде 470-тен астам адам анықталып, қосымша тексеріске жіберілді.

Арман Қалышев, ҚР ҚМ Психологиялық және әскери-әлеуметтік жұмыстар басқармасының бастығы:

- Ол оларға әскерден бастартуға мүмкіндік бермейді. Бұл тек қана тереңдетілген зерделу әдістемесі. Бірінші скрининг болады. Скрининг кезінде қолданыстағы методикалық тесттер қолданылады. Ол скринингтен өте алмаса, тереңдетілген психологиялық зерделеу барысында басқа тесттер қолданылады. Одан өте алмайтын болса психиатрия мамандарына қаралып, содан кейін шешім қабылданады.