Маңғыстау облысы прокуратурасымен автомектептердің қызметіне тексеру жүргізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тексерумен автомектептердің оқыту курстарын бітіргені туралы куәліктерді жалған берудің 1 000-нан және жүргізушілерді механикалық көлік құралдарымен даярлау қағидаларын бұзудың 100-ден астам фактілері анықталды.
Атап айтқанда, механикалық көлік құралдары жүргізушілерін медициналық қарап тексеруден өтпеу, жүргізушілерге қорытынды сабақтар өткізбеу, қорытынды аттестаттау мен емтихандарды қабылдамау, оқу жоспары мен жоспар-кестесін бекітпеу, көлік құралы қосымша ажыратуыш жетегі және тежеуіш педальдарымен жабдықталмау деректері.
Сонымен қатар автомектептерде көлік құралдары мүлдем тіркелмегендігі, тиісінше практикалық сабақтарды өткізуге мүмкіншілік жоқ екендігі белгілі болды.
Тексеру нәтижесімен автомектеп басшылары әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 2 автомектептің қызметі тоқтатылды.