Бұл туралы The Times of India басылымы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Үндістанның Харьяна штаты, Мандихера қаласындағы ауруханада босану кезінде қайғылы оқиға орын алды. 30 шілдеде дәрігерлердің шамадан тыс дөрекі әрекетінің салдарынан жаңа туған сәбидің қолы жұлынып кеткен.
Мәліметтерге сүйенсек, босану кезінде медициналық персонал тиісті стандарттарды сақтамай, нәрестеге ауыр жарақат салған. Абырой болғанда, сәби тірі қалып, шұғыл түрде көршілес қаладағы басқа емханаға жеткізілген.
Оқиғаға байланысты арнайы тергеу комиссиясы құрылып, ауруханадағы медициналық көмек көрсету тәртібінің бұзылғаны, сондай-ақ Үндістан Конституциясында бекітілген азаматтардың өмір сүру және денсаулық құқығының сақталмағаны анықталды.
– Комиссия нәрестенің қолы не себепті жұлынып кеткенін нақты түсіндіруді, сонымен қатар сәбиге көрсетілген ем-дом мен оңалту шаралары туралы толық ақпарат беруді талап етті, – делінген ресми хабарламада.