Сондай-ақ, тағы бес адам ауруханаға жеткізілді.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 тамыз күні сағат 243-ші шақырымда "Астана – Петропавл" автожолында "Hyundai Elantra" және "ВАЗ-2107" автокөліктері соқтығысқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"ВАЗ-2107" автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал "Hyundai Elantra" көлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді, – деді жергілікті полиция қызметі басқарма бастығының орынбасары Уалихан Жүнісбеков.

Қазіргі таңда өңір полицейлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Құқықтық шешім тергеу нәтижесі бойынша қабылданады.

Айта кетейік, жол апаты болған сәттің видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.