Камчаткада Крашенинникова жанартауы атқылады. Ол кейінгі рет 500 жыл бұрын белсенді болған , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Камчаткадағы жанартаулардың атқылауына әрекет ету тобының (KVERT) және Ресей ғылым академиясы Қиыр Шығыс бөлімшесінің Вулканология және сейсмология институтының ғалымдарының айтуынша, Крашенинникова жанартауы кейінгі рет XV ғасырдың ортасында, яғни шамамен 460 жыл бұрын белсенді болған.
Жанартау атқылауы 3 тамызда Камчатка уақытымен 04:50-де (Астана уақытымен 2 тамыз, 21:50-де) басталған. Жанартау күлі теңіз деңгейінен 3-4 шақырым биікке дейін атқылаған. Айта кетейік, жанартау 2 шақырымнан төмен биікте орналасқан.
Кейіннен күл шығару күшейіп, биіктігі 5-6 шақырымға дейін жеткен. Күлдің кейбірі Кроноцкий қорығы аумағына түсіп, жер бетін жауып қалған.
Мамандар жанартаудың белсенділігі төмен ұшатын әуе рейстеріне әсер етуі мүмкін екенін айтады.
Сондай-ақ Вулканология институты Камчаткадағы Ключевской жанартауының атқылауы күшейгенін хабарлады. Лава ағыны оңтүстік-батыс беткейімен 2,7 шақырымға созылған.
Еуразиядағы ең биік әрі ең белсенді жанартау саналатын Ключевская үш күн бұрын күшті жер сілкінісінен кейін айтқылай бастаған.
Соңғы тәулікте Камчаткада магнитудасы 3,2-ден 6,2-ге дейінгі 146 афтершок тіркелген. Бірнеше жанартауда белсенділік байқалып жатыр. Қазір Камчаткада Белгісіз, Шивелуч, Ключевской және Карымский жанартаулары белсенді. Сонымен қатар, Камбальный жанартауы маңында да сейсмикалық белсенділік тіркеліп, бұл эксплозив атқылауға әкелуі мүмкін.
Ал Сахалин облысында төрт рет цунами толқыны болған. Жапония, Гавайи, Чили, Эквадор, Перу, Мексика және Қытайда да цунами қаупі жарияланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!