Алматыда бұрынғы иесі 3 жыл бұрын сатқан Lexus көлігін ұрлап кетті. Қалалық полиция деректеріне сүйенсек, ер адам көліктің екінші кілтін өзінде қалдырған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол көліктің тұрған жерін бақылап, ұрлықты алдын ала жоспарлаған: бетперде мен басқа киім дайындаған. Внедорожник ұрланғаннан кейін қала шетіне жасырылған. Полиция жүргізген іздестіру шаралары нәтижесінде көлік табылды.
Құқық қорғау органдары кез келген қылмыс – қаншалықты мұқият ойластырылса да – түбінде әшкере болатынын ескертті.