ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті вейптер мен оларға арналған сұйықтықтардың заңсыз айналымымен айналысқан топтың қызметін әшкереледі , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тыйым салынған өнім Telegram мессенджеріндегі ESCOBAR OPTOM тобында сатылып, курьер арқылы жеткізіліп отырған. Тергеу нәтижесінде қоймалар мен сату нүктелері анықталды.

"Тінту барысында 150 мыңнан аса вейп тәркіленді, олардың сатылымынан түсетін табыс 1 млрд теңгеден асып кетуі мүмкін еді. Бұл өнімдер кәмелетке толмағандар, соның ішінде мектеп оқушылары арасында кең таратылған. Көлеңкелі бизнестің ұйымдастырушылары вейптерді әдейі жасөспірімдерге жеткізіп, олардың денсаулығына қауіп төндірген", — деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!