Елімізде баласына алимент төлемей қашып жүргендердің қарызы артып барады. Биыл осы алимент бойынша берешек 18 миллиард теңгеден асып түскен. Алимент өндіру бойынша атқарушылық іс жүргізу — әлеуметтік маңызы зор іс. Әділет министрлігі бұл бағытта тұрақты бақылау жүргізіп отыр. Мәлесен, қазірде атқару өндірісінде 319 мыңнан астам іс бар. Борышкерлердің басым бөлігі — ерлер. Ал «көкек әке» атанып туған баласынан несібесін аяп жүргендерге жаза басқа. Банк шоттарына, мүлкіне тыйым салу және елден шығуға уақытша шектеу қою сынды шаралар қолданылады.