Онда қазақ және түрік тілдерінде сәлемдесу сөздері жазылған.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға ресми сапары қарсаңында Анкара қаласының көшелері арнайы баннерлермен безендірілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Мемлекет басшысын Анкарадағы "Есенбоға" халықаралық әуежайында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған күтіп алды. Әуежайда құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Қос елдің басшылары трап алдында қысқаша әңгімелесті.
Бүгін, 29 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін нығайтудың келешегін талқылап, екіжақты келіссөздер жүргізеді.