Атырау маңында Алтын Орда дәуірінің күміс тиындары табылды.

Халел Досмұхамедов атындағы университеттің археологтары ежелгі қалашықта қазба жұмыстарын жүргізіп, осындай олжаға тап болды. Олардың айтуынша, бұл 13-ғасырда өмір сүрген Меңгу Темір хан тұсында құйылған ақша. Сонымен қатар көне тұрақтан өте сирек кездесетін «Тағара» ыдысы шықты. «Бұл жәдігерлер осы жердің тарихи-саяси маңыздылығын арттырады», дейді мамандар. Енді олар жоғары оқу орнының зертханасында зерттеледі.

Амангелді Зайынов, археолог:

- Бұл тиындардың ерекшелігі, белгілі нумизматик Павел Николаевич пайымдауынша, 13 ғасырдың екінші жартысында сәйкес келеді. Мұнда Меңгу Темір ханның белгілері, екінші жағына қытай иероглифтері салынған.