Сот шешімін орындау мақсатында жуырда меншік иесі заңсыз нысандарды өзі бұзып тастады.

Алматыда сот шешімімен "Таулы Қырат" ӨК 2767 және 2768 учаскеде құрылысы аяқталмаған екі үй бұзылды, деп хабарлайды Қала құрылысын бақылау басқармасы.

Жеке меншік иесі (жеке тұлға) рұқсатсыз тау бөктерінде үй салған. Сонымен қатар құрылыс жұмыстары кезінде аталған аумақтарға жол салу үшін тау бөктерінің етегі кесіліп, экожүйеге залал келтірілген.

"Басқарма жер учаскелерін бастапқы қалпына келтіру туралы нұсқама беріп, меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылдады. Алайда нұсқамада көрсетілген талаптар орындалмағандықтан, басқарма сотқа мәжбүрлеп бұзу туралы талап-арыз берген", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Қазақстандықтарға әкімшілік іс қозғалғаны туралы жалған хабарлама тарап жатыр


2024 жылғы 17 қазанда Медеу аудандық соты талап-арызды қанағаттандырып, сот қаулысы Алматы қаласының әділет департаментіне орындауға жіберілген.

Сот шешімін орындау мақсатында жуырда меншік иесі заңсыз нысандарды өзі бұзып тастады.