Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи екі қызын шетелдік азаматқа тұрмысқа қалай бергенін айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Шетелде оқыған қыздар сол жақта қалды ғой, осында келді, сіңісе алмады. Теңдеріне тұрмысқа шыға алмады. Мен оны Америкадан алдырып алғанмын. Жолдас жігіттің компаниясына жұмысқа тұрғыздым, табысы да тәуір болатын. Екі рет махаббат майданында басы тасқа соғылып, маған келіп жылады. Екі қызым шетелдікке тұрмысқа шықты», — деді ол.

Депутат қыздарының шетелдіктен бақытын тапқанын өзінің кінәраты деп есептейтінін айтты.