Астана уақыты бойынша 13:35-те Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сейсмологиялық бақылау және зерттеу орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматыдан 141 шақырым шығыста орналасқан. Сейсмологтардың дерегіне сәйкес, жерасты дүмпулері сезілмегендіктен, олардың есептік қарқындылығы туралы мәлімет жоқ.

16 шілдеде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасына жақын жерде жер сілкінісі болған. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Алматыдан 379 шақырым оңтүстік-батыста орналасқан. Қазақстан аумағында дүмпулер сезілмеген.

8 шілдеде Жамбыл облысында жер сілкінісі болды. Эпицентрі Тараздан 126 шақырым шығыста орналасқан. Әртүрлі жерлерде оның қарқындылығы 2-ден 6 балға дейін жеткен. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget