Қазақстанда жаңа алаяқтық схема белең алуда. Оны ұйымдастырушылар – мемлекет халыққа тұтынушылық несиелендіру үшін беретін жеңілдіктерді қолма-қол ақшаға айналдыру үшін пайдаланатын азаматтар тобы. Бұл схеманың қалай жұмыс істейтінін Zakon.kz зерттеп көрді.
Ақшаны қолма-қолға айналдыратындар өздерінің заңсыз схемасын, әдетте, тұрмыстық техника – смартфон, тоңазытқыш, теледидар сататын жеке кәсіпкерлер арқылы жүзеге асырады. Оның үстіне, жеке кәсіпкер мен ақшаны қолма-қолға айналдыратындар көбінесе бір-бірімен байланысы бар адамдар екенін түсіну керек. Қазақстанда мұндай "жеке кәсіпкерлер" жүздеген тіпті мыңдаған болса да, олардың бизнесі ресми дилерлердің болуына қарамастан дамып келеді. Қолма-қол ақшаны шығаратындар беретін демпингтік бағаның арқасында.
Сонымен, қаржыны қолма-қол ақшаға айналдыратын ұйым әлеуметтік желілерде немесе OLX-те келесі ұсыныспен (сөзбе-сөз) жарнама береді: 80% немесе 70% қолма-қол ақша айналдыру. Жеке тұлға, яғни қаржылық қиындықтарға тап болған қарапайым адам жарнамаға жауап береді, ең сорақысы сол сәтте ол заңсыз схеманың қатысушысына айналады.
Осы жерде атап өту керек, қармаққа түскен адамды "заңсыз әрекеттерді жабу" мақсатында пайдаланады, яғни ол бейсаналық әрекет етеді және қаржылық ұйымның мүшесі болып табылмайды.
Әрі қарай не болады? Ұйымның нұсқауы бойынша, ол тұтынушы, жеке тұлға ретінде сауда желілерінің бірінен немесе онлайн дүкендерінен тұрмыстық техниканы бөліп төлеу арқылы сатып алады.
Осыдан кейін ол тауарды ұйымның мүшелеріне тапсырады. Бұл әрекеті үшін ондағылар оған (аталған жеке тұлғаға) тауар бағасының 70-80%-ын төлейді.
Ескертпе: бұл транзакция еш жерде жазылмаған: түбіртек, құжат, ештеңе жоқ!
Содан кейін, тауарды ұйым мүшелері құжатсыз, жабдықты соңғы сатып алушыға сатқан жеке кәсіпкерлерге қайта тапсырады.
Бұл схеманың мәні неде?
Сауда желісінде жеке тұлға, айталық, 1 миллион 250 мың теңгеге тауар сатып алады. Бірақ банктік аударым арқылы. Және оны "обналичка" жасайтындарға бар болғаны 1 миллионға тапсырады – арзанырақ, бірақ қолма-қол ақшамен. Мәне дәл осы 25% – қолма-қол ақшаны алу құны.
Салыстырып көрейікші. Заңды ақшалай несие алу үшін дәл сол 1 миллион теңгеге 44,6 пайыздық үстеме төлеу керек. Тіпті, банк "пысықай" азаматтарға несиені кепілсіз, қағазбастылықсыз, қатаң тексеріссіз өте қарапайым ақыға береді екен.
Соңғысы ерекше маңызды: түптеп келгенде, банк тұрақты, қолма-қол несиеден қағылған адамға тұтынушылық несие береді. Бұл қарапайым азаматтарға әлеуметтік қамқорлық жасауға байланысты мемлекет тарапынан халыққа көрсетілетін тұтынушылық несиелендірудің қолданыстағы ережелері.
Бірақ, көріп отырғанымыздай, мұндай жолдарды өз пайдасына қолданып жүргендер тек бұлар емес. Қарапайым бағалаулар бойынша, Қазақстанның кейбір жерлерінде несиелік сатулар арасында қолма-қол ақшаны шығару үлесі 20%-ға жетеді.
Айтпақшы, бұл схемалар айнымалы. Себебі қолма-қол ақшаны айналдыратындар тауарды бөлшек сауда желісінен де, онлайн платформалардан да сатып ала алады. Айта кету керек, тауар түп негізінде болмауы мүмкін, бірақ қоймада тұрады!
Ақылды! Бірақ алаяқтық жолмен. Ол неден құралған?
Тұтыну несиесі "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Заңының 2-бабының 15-тармағында) тұтынушылық банктік қарыз – жеке тұлғаға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жəне (немесе) кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес өзге де мақсаттарға берілетін банктік қарыз.
Іс жүзінде ол күмәнді болса да, бизнес үшін пайдаланылады. Бірақ бір нюанс бар. Бұл схеманы жүзеге асыру нәтижесінде зардап шеккендер мен пайда алушылар болғанымен және бұл схема кең мағынада алаяқтық (заң бұзылған) болса да, оны алаяқтық деп атауға болмайды (Қылмыстық кодекстің 190-бабында көрсетілген):
"Алаяқтық, яғни алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкін ұрлау немесе бөтеннің мүлкіне құқықты иемдену".
Ондай нәрсе жоқ! Ал заңның бұзылуына келетін болсақ, бұл жағдайда Қылмыстық кодексте де, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте де жаза қарастырылмаған.
Заңнамада басқа да олқылықтар бар. Жеке кәсіпкерлер тауардың шыққан жерін түсіндіру міндетті емес. Олардың салық жеңілдіктері, онлайн платформалары бар, бірақ басқа міндеттемелері жоқ – нәтижесінде "көлеңкелі" тарату арнасына және ақшаны қолма-қол шығару схемаларының платформасына айналады.
Мұның бәрі, әрине, қате. Өйткені, жоғарыда айтылғандай, зардап шеккендер бар. нақты кімдер?
Біріншіден, бұл түпкілікті сатып алушы. Өйткені тауарды арзан болса да, кепілдіксіз сатып алады. Яғни, кепілдік құжат жүзінде бар, бірақ оның атына жазылмаған. Сонымен қатар, жөндеу келісім-шарттары ресми дилерлер мен сертификатталған сервис орталықтары арасында жасалады. Бірақ соңғы тұтынушы тауарды дилерден емес, кімнен алғаны белгісіз ғой. Сондықтан, бұзылған тоңазытқышты (масыл) оған жөндеп бермейді.
Кейбір жағдайларда аталған қызмет көрсету орталықтары тауарларды жөндеуге қабылдай алады. Бірақ кейін еңбегінің ақысын алмай қалу қаупі бар. Немесе, керісінше, жөндейден себепсіз бас тартады – және қайтадан ақша жоғалтады. Бұл шарттың қалай жасалғанына байланысты. Қалай болғанда да, бұл жағдай олар үшін де тиімсіз.
Үшіншіден, бөлшек сауда желілері ресми дилерлер болып табылады. Ал қайта сатушылардың арқасында ресми дүкендердегі баға тұтынушылар үшін қымбат болып көрінеді. Мүмкін кейбіреулер делдалдарға (және олар өз кезегінде бөлшек сауда желілеріне) жүгінеді, бірақ басқалары жоғарыда аталған тәуекелдерді түсініп, сатып алуды кейінге қалдыруы немесе одан мүлде бас тартуы мүмкін.
Ақырында, мемлекет те зардап шегуші. "Сұр" схемалардың нәтижесінде тауарлар төмендетілген бағамен сатылады, бұл салықты жинаудан шығынға әкеледі. Заңсыз айналымды ынталандыруды айтпағанда.
Тұтынушылық несиелер өтелмейтін жағдайлар да кездеседі. Алаяқтықтың арты, әрине, қылмыстық және азаматтық -құқықтық жауапкершілікке әкеледі.
Түптеп келгенде таяқтың ұшы еш кінәсі жоқ негізгі сатып алушыға тиюі мүмкін. Сот түпкілікті сатып алушыға қымбат зат (құны бір-екі миллион теңгеге тұратын теледидар) сатқан жеке кәсіпкерді борышкер деп таныса, несие берген адам қарызды ақшамен ғана емес, мүлікпен де өтеуге құқылы. Мысалы борышкерде заңсыз сатылған құрал-жабдықтардан басқа ресми түрде ештеңе жоқ делік. Сонда сот орындаушысы оны да өндіріп алуы мүмкін.
Азаматтық кодексте адал сатып алушыдан мүлікті өндіріп алуды реттейтін 261-бап және сатушының меншік құқығын сақтауға арналған 444-бап бар. Бұл жерде бөліп төлеу әдісімен сатып алынған тауардың құны толығымен өтелмегенше, жеке кәсіпкер тауардың иесі болып қала береді делінген.
Бірақ сот оны адал сатып алушы деп танымайды және сол теледидарды талапкерге беру үшін алады. Формальды түрде – сатушыдан, бірақ іс жүзінде – сатып алушыдан, яғни затты пайдалану үшін оны алған нақты сатып алушыдан.
Мұндайдан қалай аулақ болу керек? Өнім заңды түрде таза болуы керек. Бұған сенімді болудың ең оңай жолы – тұрмыстық техниканы тек ресми дистрибьюторлардан сатып алу.
Тұтынушыларға берілетін кеңес – мұндай күмәнді схемаларға араласпау. Сатушы несиені қайтаруды жоспарлайды ма, жоқ па, бұл сізге байланысты емес...
Маңызды ескертпе. Халықтың қарызы мемлекетті жаңа заңдар қабылдауға итермелейді. Бұған басқа елдердің үлгісіне сүйеніп, тұтынушылық несие туралы заң, сондай-ақ Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске осындай схемаларды тоқтататын ілеспе түзетулер кіруі мүмкін.
Осы арада Zakon.kz ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне, Ұлттық банкке және Үкіметке журналистік сауал жолдады.
Сауалдың мазмұны:
- Жеке тұлғалар қарыз алушы ретінде банктен тұтыну несиесін немесе МҚҰ тұтынушылық несиесін алып, бірақ кейіннен шарттың маңызды келісімін бұзған жағдайда: сатып алынған затты кәсіпкерлік қызметте пайдаланған жағдайда қандай заңды жауапкершілік қарастырылған? (Жауапкершілік жоқ екенін айттық, бірақ ресми жауап алғымыз келеді).
- Несиені пайдаланудың көрсетілген мақсаттарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін қарыз алушыға (яғни банк немесе микроқаржы ұйымы) заңнамада қандай тексерулер қарастырылған?
- Ал егер тиісті нормативтік-құқықтық актілер болмаса, мақалада айтылған бұл құбылыспен күресу үшін заңнамалық және институционалдық тұрғыдан қандай жұмыстар атқарылуда? Атап айтқанда, жақын арада тұтынушылық несиелеу туралы Ресей Федерациясы мен ЕО елдеріндегі қолданыстағы заңға ұқсас заң әзірлеп, қабылдау мүмкін бе?