Семейде ер адам 26 жылқыны алаяқтық жолмен иемденген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Семей қаласының полициясына шаруа қожалығы басшысының 43 жастағы орынбасарынан арыз түсті. Оның айтуынша, 36 жастағы қала тұрғыны сенімге кіріп, малды кейін сату үшін алғанын айтып, алаяқтық жолмен 26 жылқыны иеленген. Келтірілген шығын көлемі – 6 970 000 теңге.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ол өз кінәсін мойындап, ұрланған малды сатып, ақшаны жаратып жібергенін түсіндірді.

Аталған факті ірі мөлшерде жасалған алаяқтық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктіге келу туралы міндеттеме табыс етілді.

Полиция азаматтарға мүлікке қатысты мәмілелерді міндетті түрде ресми түрде, тиісті құжаттармен рәсімдеуді ескертті.